ақын, драматург.

    Иран
    Ғайып

    "Әдебиетте поэзия, драматургия жанрында еңбек етіп, Абай тұлғасына арналған «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық дастан жазған."

    Абай Құнанбайұлының портреті

    Ағартушының өмірі

    Иранбек (Иран-Ғайып) Оразбаев - 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ политехникалық институтының таукен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялықрепертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.

    Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбекшаған», «ГүлНәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.

    2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жырмүшәйрасының бас жүлдегері.

    Шығармалары: Жүрек жырлайды. Өлеңдер. 1974; Жеті қазына. Балладалар мен поэма. 1977; Түннің көзі. Өлеңдер. А., 1980; Өмірөлең. Жыр кітабы. А., 1982; Молодые поэты Средней Азии и Казахстана. М., «Молодая гвардия», 1982; Глаза ночи. Стихи. А., 1983; Царь слова. Стихи, поэма. М., «Советский писатель», 1984; Сұлулық сарасы. Өлеңдер, поэмалар. А., 1985; Дүниежарық. Жыр кітабы. 1987; Наследник. Поэма. 1988; Батқан кеменің бейбақтары. Дастандар. 1990; Мұнар, мұнар, мұнарым… Қасірет кітабы. 1992; Иран бағы. Таңдамалы. 1995; Сөз патша. Таңдамалы. 1996; Жыр әлемі. Жыр кітабы. 1996.

    1947

    Туған жылы

    Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған

    1974

    «Жүрек жырлайды»

    Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді.

    1980

    Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980)

    1998

    Жастар мен балалар театры

    Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды

    1990

    Үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.

    2002

    «Қорқыттың көрі»

    Жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

    Өлеңдер

    — Иранбек Әбітайұлы Оразбаев (Иран-Ғайып), ақын, драматург

    Хамит Ерғалиевке

    Әкем десем –

    Кім сенеді?!...

    Жарасқанға

    Жанды салып азапқа,

    Басты тығып...

    Нұрахметке

    Ес көрдік –

    Жалған бәсі артпайтынын...

    Анда барсаң

    Анда барсаң –

    Иран-Ғайып налыған...

    Тауқыметің зор болды

    Тауқыметің зор болды,

    Не көрмедің, Торғайым?!

    Басым

    Басым –

    Екі Иінде,

    Ұлт театрына 95 жыл- Иран-Ғайып

    Ақын, драматург Иран-Ғайып театр ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Иран-Ғайып біздің театр сахнасында сахналанған “Мен ішпеген у бар ма?”, “Қорқыттың көрі” секілді спектакльдердің авторы.

    Ақын Иран-Ғайып 75 жасқа толды

    Алматыда ақын, драмматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайыптың 75 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті. Ақын өз туындыларында жаратылыстың ұлы феномені - адамды басты нысана ете отырып, оның бүкіл болмысындағы күйініші мен сүйінішін, қуанышы мен мұңын сезімталдықпен жеткізе білді. Иран-Ғайыптың алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жинағы 1974 жылы жарық көрді. Ал 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш өткен жазба ақындар жыр мүшайрасының бас жүлдесін иеленген. Иран-Ғайыптың жақұт жырлары, өлмес өлеңдері мен поэмалары, аудармалары қазақ поэзиясының алтын қорына енген.

    Ереке Құлкенов, жазушы:

    "Алғашқы өлеңінен бастап қазақ поэзиясына өзінің сара жолын салып келген ерекше ақын. Оның жазу стилі, ойын жеткізе білуі, ойын ірікпей айта алатыны, батылдығы, ержүректігі көп ақындарда жоқ нәрсе. Сондықтан Иранбектің жөні бөлек."